Популярные темы

Павлодарда коммуналдық апатқа байланысты бірқатар үйлер сусыз қалды

Дата: 06 марта 2023 в 00:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Павлодарда коммуналдық апатқа байланысты бірқатар үйлер сусыз қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қайырбаев – Назарбаев көшелерінде су құбырларынан ақау шығып,апат болды,, —  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Pavlodarnews.kz. сайтының жазуы бойынша Қайырбаев көшелеріндегі көпқабатты 88, 80, 98, 104, 107 тұрғын үйлерде және мешітте  сондай-ақ Назарбаев көшесі  24 үй бойынша суық су беру уақытша тоқтатылды.Сусыз қалған тұрғындарға су жеткізу шаралары ұйымдастырылған.

Апат салдарын жоюмен «Павлодар-Водоканал» ЖШС айналысып жатыр.

«Қазіргі уақытта құбырдың тесілген жері  және зақымдану ауқымы белгіленуде. сол арқылы құбырды жөндеуге немесе ауыстыруға қанша уақыт кететіні анықтайды. Жұмыстың аяқталғаны туралы қосымша хабарлаймыз», — деп жауап берді кәсіпорында.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями