Популярные темы

Алматы облысында 12 балықшы сынған мұзда тұрып қалды

Дата: 05 марта 2023 в 23:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы облысында 12 балықшы сынған мұзда тұрып қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қапшағай су қоймасында жағадан 12 адам тұрған мұз бөлінді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 5 наурызда сағат 15:44-те болды. Ол кезде мұздың қалыңдығы шамамен 15 см болатын. Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді.

«Оқиға орнына келген кезде балықшылардың жағадан 30 м қашықтықта  екендігі анықталды. ТЖД құтқарушылары мұздағы барлық балықшылар жүзу құралдарының көмегімен жағаға шығарылды. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады. Олардың барлығы Алматы қаласының тұрғындары».

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар балықшылардан мұқият болуды сұрайды.

«Құрметті балық аулаушылар! Температураның жоғарылауына және желдің күшеюіне байланысты қазіргі уақытта мұзға шығу қауіпті екенін ескертеміз!» — деп ескертті ТЖД.

Сурет:Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями