Популярные темы

Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын ойынды аяқтап, мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді

Дата: 05 марта 2023 в 21:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын ойынды аяқтап, мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жек бойынша UFC 285 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахмонов белді америкалық қарсыласы Джефф Нилмен күш сынасып, оны үшінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтып кетті. Жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингісінде Рахмоновтан жоғары тұрған болатын: америкалық жетінші, ал қазақстандық тоғызыншы орынды місе тұтқан.

Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді және әлі де жеңіліп көрмеген файтер болып саналады. Ал Джефф Нил бесінші жеңілісін тіркеді. Рахмонов үшін бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жегі болды (оның рекорды 5-0), Нил үшін оныншысы (7-3).

Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями