Стоковые изображения от Depositphotos
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы жаңа заңның нормаларын түсіндіріп, тақырыпқа қатысты азаматтарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Онлайн конференция барысында Ержан Біржановқа сот арқылы банкроттыққа жариялағанда, борышкердің мүлкі болса, бірақ ол кепіл ретінде қойылмаса заңда оны кредитор ала алмайды дейтінді қалай түсіндіресіз? Яғни борышкер 20.000 000 қарызы бола отырып мүлкіне кредитор тисе ала ма? Әлде кредитор оның мүлкі арқылы қарызының біраз бөлігін жабуға сот арқылы мәжбүрлей ала ма? деген жеке сұрақ түсті.
Оған жауап ретінде, сотқа жүгіну, банкроттық мәртебесін алу, бұл азаматтың өзінің жеке құқығы, өз еркімен жасалатын жағдай, — деді Ержан Біржанов.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press