Популярные темы

Алматы облысына көшкін жүріп, бірнеше үй қирады

Дата: 28 февраля 2023 в 11:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы облысына көшкін жүріп, бірнеше үй қирады
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы маңындағы саяжай қалашықтардың бірінде болған көшкін салдары туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бурабай саяжай қалашығында бұған дейін 25 ақпан мен 26 ақпан аралығында жауған жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан топырақ шамадан тыс ылғанданған. Нәтижесінде қорғаныш қоршау – бетон тіреу қабырғасы арқылы Баянауыл көшесі бойындағы екі жеке тұрғын үйге қарай тау баурайынан өздігінен топырақ көшкен. Ол үйлердің бірінің терезесін зақымдап, ішкі бөлмеге кіріп кеткен. Тағы бір үйде соққыдан қабырғаларда жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді ТЖД өкілдері.

Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» және әкімдік қызметкерлері жіберілгені атап өтілді. Оқиғаның нақты себебі мен келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылған.

«Төмен түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр болады. Бір үйдің төрт тұрғыны көршілерінде, екінші үйдің бес тұрғыны Алматыда», — деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями