Популярные темы

Ozen лейблі Darkhan Juzz-дың аяқталмаған альбомы жарыққа шығады

Дата: 27 февраля 2023 в 19:28 Категория: Новости культуры


Ozen лейблі  Darkhan Juzz-дың аяқталмаған альбомы жарыққа шығады
Стоковые изображения от Depositphotos

Өмірден өткен музыкант Дархан Жүнісбековтің бітпеген альбомын  Ozen лейблі шығарады, — деп хабарлайды  Arnapress.kz тілшісі лэйблдың Телеграм-каналына сілтеме жасап.

Darkhan Juzz — жаңа толқынның алғашқы әншілерінің бірі. Ол миллиондаған адамды қазақ музыкасына ғашық етіп, көптеген адам үшін ана тілін үйрене бастауға түрткі болған.

Оның өмірі қыршынынан қиылды, бірақ Дархан көп нәрсені түсініп үлгерген азамат еді. Соңғы кездері ол шынымен бақытты өмір сүріп жатқандай болатын.



«Дарханның альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әндерінің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңнен түсетін қаржының 100% отбасына беріледі. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын», — деп айтылған жазбада.

Фото: instagram.com/d.juzz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями