Популярные темы

Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды

Дата: 27 февраля 2023 в 13:58 Категория: Новости интернета


Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды. Онда есірткіге қатысты мәліметтер болған. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің жедел уәкілі Данияр Оралов мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Tengrinews.kz сілтеме жасап  .

Оның айтуынша, ІІМ мамандары есірткінің таралуы туралы ақпарат бар сайттарды, жазбаларды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернетті бақылап отырады.

Оның айтуынша, 2022 жылы «Кибернадзорға» 1996 есірткі сайты бұғаттау үшін жіберілген, оның 1493-і бұғатталған.

«Осылайша, 2022 жылы аумақтық бөлімшелер телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткіні таратумен айналысқан 632 адамды ұстады, оның ішінде 26-сы чат-боттардың әкімшілері мен ұйымдастырушалыры, 74-і есіртікіні бөліп, сақтаушылар, 364-і курьерлер, 58-і зертханаларды ұйымдастырушылар және 26-сы – граффити сызбаларын қолдануға арналған трафаретшілер. 84 интернет-дүкендер мен чат-боттар анықталды.

Жылдың басынан бері 179 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, 69-ы бұғатталды», — деді Данияр Оралов Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости интернета
Поделитесь новостью с друзьями