Популярные темы

Алматыда ҰҚК арнайы операция жүргізді

Дата: 24 февраля 2023 в 20:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда ҰҚК арнайы операция жүргізді
Стоковые изображения от Depositphotos

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Құзырлы ведомсвто бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталғанын, құжатпен бекітілгенін нақтылайды.  

«Қаскөйлер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды».Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрғаны анықталды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями