Популярные темы

Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаздың жағын сындырған, ал командирлер дер кезінде көмектеспеген

Дата: 24 февраля 2023 в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаздың жағын сындырған, ал командирлер дер кезінде көмектеспеген
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбедегі әскери бөлімде қатарласының жағын сындырған жауынгерге қатысты қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілетеме жасап.

КТК телеранасының хабарлауынша, жәбірленуші мен оны соққыға жыққан жігіт осы артиллерия және ракета бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүр. Кезекшілікте жүрген жауынгерді қатарласы алғашқыда түйіп өтіп, кейін бөлек бөлмеге апарып аяусыз соққыға жыққан.

Басынан жарақат алып жағы сынған сарбазға әскери бөлім басшылары дер кезде көмек бермепті. Тек есінен танған кезде ғана госпитальге емес, облыстық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер полицейлерді шақырғанда әскери бөлім басшыларының бірі әлсіреп жатқан сарбазды кері алып кетпек болған.

Қазір әскердегі әлімжеттікті жасырмақ болғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Командирлерге қандай шара қолданылатыны белгісіз. Өйткені әзірше тек қатарласын ұрған жауынгерге іс қозғалған.

«Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери полиция тергеп жатыр. Жарақат алған жауынгер Алматыдағы госпитальде емделіп жатыр. Оның сол жағы сынып, дәрігелер операция жасаған. Қазір жағдайы тұрақты. Оның әскери борышын өтеп, үйіне қайтуына әлі сегіз ай бар».30238 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ринат Шәріпов

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями