Стоковые изображения от Depositphotos
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, Көкпекті ауданының Мамай, Романовка, Преображенка, Биғаш ауылдарында 20-25 бүлдіршін, Көкпекті ауылында 40-тан астам бүлдіршін балабақша кезегін күтуде. Аудан әкімі айтып өткендей, 1 наурызда Биғаш ауылында және Көкжайық ауылында «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасында 21 баланы қамтитын толық күнді топ ашылады.
Өткен жылдың соңында Ақ ой ауылында 25 орынға арналған балабақша ашылды. Жалпы биылғы жылы күзге дейін 170-180 баланы балабақшамен, шағын орталықтармен қамтимыз. Бұл бағытта «мемлекет-жекеменшік» әріптестігін де пайдаланамыз. Сонымен қатар Биғаш ауылындағы 9 сыныптық негізгі мектепті орта мектепке айналдыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Қазірдің өзінде жоғары сыныптарға 80-ге жуық оқушы жиналды, — деді аудан әкімі.
Сурет: Абай обылсы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press