Популярные темы

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды

Дата: 20 февраля 2023 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды
Стоковые изображения от Depositphotos

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашқаны түсірілген видео жіберілді. Тағы бір видеода ер адам мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болғаны көрсетілген.

Кейін ер адам полиция көлігін көріп, оған шабуыл жасаған. Соңында тәртіп сақшылары шабуылдаушыны ұстаған.

Шымкент полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылған. Бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері барды.

Нәтижесінде күзетшілердің бірі жараланған. Оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанда, қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі ұстаған.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.

Сурет: rus.azattyq-ruhy.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями