Популярные темы

Семейліктер интернационал-жауынгерлерді еске алды

Дата: 15 февраля 2023 в 13:28


Семейліктер интернационал-жауынгерлерді еске алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семей қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің монументінде ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындарының және «Жас Ұлан» лицейінің оқушыларының қатысуымен «Ерлікке тағзым» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов қатысты.


 «Сіздердің өшпес ерліктеріңіз әрқашанда бізге өнеге. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде», — деді қала әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов.
 

Жиналған қауым алдымен сол соғыста мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями