Стоковые изображения от Depositphotos
Елордада көліктерге арналған техникалық байқау стансасынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 ақпанда сағат 13:57-де Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесіне өрт туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта барып, 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жақын, техиникалық қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын анықтады. ТҚС ішіндегі екі көлік өртеніп кетті. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 14:44-те оқшаулады», — делінген ресми хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 15:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Фото: Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press