Популярные темы

Түркияда үйінділер астынан Қазақстан азаматшасы табылды

Дата: 09 февраля 2023 в 00:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркияда үйінділер астынан Қазақстан азаматшасы табылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркияда болған жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттың астында қалған қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды. Ол үйінді астынан құтқарушылармен тілдескен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сабинаға оқиға орнында медициналық алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол ауруханаға жіберілді. Оның қолы сынғаны белгілі.

Айта кетсек, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық жоғалып кеткені хабарланған болатын. Сондай-ақ жоғалған төртеудің бірінің туыстары волонтерлар көмегіне жүгініп, бүгін түнде Түркияға ұшып шыққан еді. Сабинаға қатысты мәліметті Хатай провинциясында жүрген сол топтың мүшесі Алмат Құрмашев жеткізді.

Фото: Telegram/Rescue KZ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями