Популярные темы

Түркістан облысында жоғалған 2 жасөспірім қыздарды үш күн іздеді

Дата: 03 февраля 2023 в 16:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістан облысында жоғалған 2 жасөспірім қыздарды үш күн іздеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Arnapress.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрші тұратын жалғызбасты аналардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29.01.2023 жылы үйлерінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Із-түссіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында  орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді.

Сондай-ақ Түркістан облысы ПД қарасты барлық қала, аудандық  полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық Полиция департаменттерінің Криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды. Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылды. Олар облыс орталығындағы 1 мөлтек аудандағы жалдамалы пәтерден анықталды. Осылайша дін-аман табылған оқушы қыздар, отбасыларына қайтарылды.   

«Анықталғандай, екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнеген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде екі қыздың анасы полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болып, алғыстарын білдірді», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Фото: Baq.kz, Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями