Стоковые изображения от Depositphotos
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары Арман Иманбаев Arnapress.kz сайтының тілшісіне арнайы сұхбат беріп, электрмен жабдықтау шарты туралы айтып берді.
Арман Қанатұлы, бірден көпшілікті мазалап отырған сұрақтан бастасақ. Бүгінде өңірімізде электр желісіне қалай қосылуға болады?
Пайдалану қағидалырына сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін тұтынушы ұйымға 7 құжатты ұсыну қажет. Сонымен қатар, жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды.
Техникалық шарттар қандай мерзімде беріледі?
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде негізгі құжаттық рәсімдер басталады. Қол қойылған электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін, тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін, жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.
Егер энергия беруші ұйым тексеру барысында өтініш берушінің техникалық шарттар талаптарын орындамағанын анықтаса не болады?
Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда энергия беруші ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Бұл актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы энергия беруші ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта хабарлама жібереді. Энергия беруші ұйым қайта өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды жүргізеді. Егер ескертулер жойылмаған жағдайда, келесі тексеру бір ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.
Энергия беруші ұйым тұтынушыны қандай мерзімде электр қуатына қосады және бұл қалай жүзеге асады?
Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру келесі тәртіпте және мерзімде жүргізіледі: құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы энергия беруші ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді. Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді;
Объектінің меншік иесі ауысқан кезде жаңа техникалық шарттарды алу қажет пе?
Иә, бұрын берілген техникалық шарттар жарамайды. Иесі ауысқан кезде жаңа меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді. Энергия беруші ұйым екі жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.
Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін заңнамада қандай шаралар көзделген?
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 301-1 бабының бөліміне сәйкес Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Өңір тұрғындары арыз-шағымдарын қайда және қалай жолдай алады?
Өңір тұрғындарының электр энергетика саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының бұзылуына байланысты арыз-шағымдары немесе оңтайландыруға ұсыныстары болса href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласы, Лұқпан Өтепбаев көшесі, 4 № 11 кеңсе бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (7222) 35-39-69.
Және әр сәрсенбі және жұма күні сағат 15-00-ден 17-00-ге дейін Департамент басшылығы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.
По сообщению сайта Arna Press