Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болат Әбдіралиев хабарлады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының әкімдігі конкурс нәтижелері бойынша шот-түбіртектерді қалыптастыру, басып шығару және жеткізу қызметтерін көрсетуге «ЕРЦ-Сервис» ЖШС-мен шарт жасасты.
«Ақпан айының басында, қала тұрғындары, қаңтар айына есептелген жылу, су жабдықтау және қоқыс шығару қызметтеріне алғашқы түбіртектерін алады», – деді басқарма басшысы.
Айта кетер болсақ, осы қызметке теледидар, домофон, тұрғын үйді күтіп ұстау және басқа қызмет көрсетушілерді қосу жоспарлануда.
Бірыңғай төлем жүйесін енгізу «Ақылды» қалалардың бастамаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр.
Болат Тансықбайұлының айтуынша, бірыңғай төлем құжатын енгізу коммуналдық қызметтерді жеткізуші мен тұтынушы арасындағы есеп айырысуын жетілдіруге, төлемдерді уақытылы жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, есептеу кезіндегі қателіктер ықтималдығын жояды.
Айта кетер болсақ, әрбір абонентке жаңа бірыңғай дербес шот беріледі, бұл ретте ескі дербес шот жарамды болып қалады және шарттарды қайта жасасудың қажеті жоқ. Төлемдер ескі дербес шот арқылы да қабылданады.
Қазіргі уақытта абонеттер Kaspi.kz қосымшасы, kassa24 терминалдары арқылы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелерінде және екінші деңгейдегі басқа да банктердің кассаларында төлем жасай алады. Жақын арада басқа банктердің қосымшалары арқылы төлем жасау мүмкіндігі күтілуде.
«Түбіртектерді басып шығару және жеткізу шығындары тұтынушыларға жүктелмейтінін және оларды тек коммуналдық ұйымдар төлейтінін атап өткім келеді», – деді басқарма басшысы.
Бұдан басқа, жақын арада сатып алу-сату кезінде, бірыңғай төлем құжатында көрсетілген барлық коммуналдық қызметтерді жеткізушілер бойынша меншік иесі туралы деректерді өзгерту, тұрғындардың құрамын өзгерту бір жерде бір терезе қағидаты бойынша, «ЕРЦ-Сервис» ЖШС абоненттік бөлімінде жүзеге асырылатын болады
«ЕРЦ-Сервис» ЖШС абоненттік бөлімінің мекен-жайы: href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қ., Достоевский к-сі 110, 10 каб. Абонементтермен жұмыс жөніндегі бөлімнің телефон нөмірі: 35-39-89.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 8:00-17:00,
демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press