Популярные темы

Семейліктер қазақ және ағылшын тілдерін тегін курстарда үйрене алады

Дата: 24 января 2023 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейліктер қазақ және ағылшын тілдерін тегін курстарда үйрене алады
Стоковые изображения от Depositphotos

24 қаңтарда бүкіл әлемде Халықаралық білім күні атап өтіледі. Осы күнге орай Arnapress.kz редакциясы Семейде қосымша білім беру курстарын қайдан тегін өтуге болатынын білді.

Өткен демалыс күндері қала әкімдігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша тегін курстарға шақыратыны туралы хабарландыру жариялады. Сабақ 23 қаңтардан басталды. Бұндай мүмкіндік әкімдік жаңынан құрылған Тілдерді оқыту орталығында қолжетімді.

Аталған курстар 18 жасқа толған барлық қала тұрғындарына арналған. Алайда, белгілі болғандай, барлық топтарға жазылу әлі мүмкін емес.

Орыс тілін оқыту тобы оқытушының болмауына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Қашан іске қосылатыны да әлі белгісіз. Тілдерді оқыту орталығында да бұл сұраққа жауапты әзірге білмейді.

23 қаңтарда басталған ағылшын топтарында бос орындар жоқ. Шет тілін үйренем деушілер енді тек қана ақпан немесе наурыз айларында ашуды жоспарлап отырған топқа жазыла алады. Тағы бір кеңес, ағылшын тілін оқығысы келетіндер курсқа қазірден бастап жазылған дұрыс болар. Себебі, бүгінде шет тілін тегін үйренгісі келетіндер көп, дейді орталықта.  

Курс төрт айға созылады, стандартты кесте бойынша сабақ аптасына екі рет өтеді. Алайда, наурыз айында қабылданатын топ жеделдетілген түрде оқытылады және мамыр айына дейін материалды игеру үшін аптасына үш рет өткізіледі. Нақты кесте кейінірек белгілі болады.

Ағылшын тілі курстарын аяқтағаннан кейін 72 сағаттық оқудан өткені туралы сертификат беріледі.

Қазір тек қазақ тілін үйрету тобында бос орын бар. Топтар тілді білу деңгейіне қарай бөлінеді. Академиялық сағаттардың жалпы саны – 60. Сабақ аптасына екі рет бір жарым сағаттан өткізіледі. А1 бастауыш деңгей үшін сабақ дүйсенбі, сәрсенбі 9:00-ден 10:20-ға дейін, А2 деңгейі үшін – сейсенбі, бейсенбі түстен кейінгі уақытта өтеді. Ал B1 орташа деңгей – сейсенбі, бейсенбі 9:00-ден 10:20-ға дейін өтеді. Сондай-ақ, кешкі топ қарастырылған. Бұл топ сәрсенбі, жұма, сағат 19:00-ден 20:20-ға дейін сабақ өтеді.

Қазақ тілі курстарынан өту қорытындысы бойынша куәлік беріледі.

Сабақ Абай атындағы орталық кітапхана ғимаратында, Абай көшесі, 86, № 2 кабинетте өтеді.

Анықтама телефоны: 8 7222 52 63 46.

Фото: maps.yandex.ru

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями