Стоковые изображения от Depositphotos
Семей қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі 2021 жылғы 20 қаңтардан бастап енгізілді, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н. Омаровтың айтуынша, барлық қалалық автобустар валидаторлармен, QR кодтармен жабдықталған.
«Электрондық билет жүйесі — бұл ең алдымен ашықтық, жолаушылар ағынын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, — дейді бөлім басшысының орынбасары.
Жол жүру ақысын көлік карталары, «Аvtobys» мобильдік қосымшасы арқылы және қолма-қол ақшамен төлеуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласында 4 түрлі төлеу карталары қарастырылған. Олардың арасында жеңілдетілген және тегін жол жүруге арналған карталар бар.
По сообщению сайта Arna Press