Популярные темы

Абай облысының Ақсуат ауданында соңғы 3 жылда 60 отбасыға пәтер берілді

Дата: 19 января 2023 в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының Ақсуат ауданында соңғы 3 жылда 60 отбасыға пәтер берілді
Стоковые изображения от Depositphotos

Өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға Абай облысының Ақсуат ауданында 85 шаршы метрлі 10 пәтер және 65 шаршы метрлі 6 пәтер салынған. Атап айтқанда, баспана әлеуметтік жағынан аз қамтылған осал топқа жататын 8 отбасыға, асыраушысынан айырылған 3 жетім балаға, тұрғын үйі апатты деп танылған 2 отбасыға және 3 бюджеттік сала қызметкеріне берілген.

Бүгінгі күні ауданда 266 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың арасында көпбалалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған осал тобына жататын және тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар, жетім балалар мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер бар.

Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналып 85 шаршы метрлі 26 пәтер салынуда. Айта кетерлігі, соңғы 3 жылда аудан бойынша 60 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Фото: Абай облысы әкімідігі телеграмм каналынан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями