Популярные темы

Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары 3 күн сусыз қалды

Дата: 18 января 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары 3 күн сусыз қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматы іргесіндегі екі ауылдың тұрғындары аяздан кейін сусыз қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылдарында құбырлар қатып қалғандықтан үш күннен бері су жоқ екенін мәлімдеді. Айтуларынша жұмысшылар су беруді әлі қалпына келтіре алмаған.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ауылдарға су берілгенін хабарлады.

«Елді мекендерге су тарту маңайындағы өзеннен лай су, ұсақ мұз бен қар аға бастағанда коммуналдық қызмет дер кезінде әрекет етпей, құбырлар қатып қалды. Осыған орай, кінәлілер жауапқа тартылады. Сондай-ақ, құбыр ерітіліп, диаметрі 159 миллиметр болатын жаңа құбыр өткізілгенін хабарлаймыз. Су елді мекендерге берілді», − деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігі кейбір үй ішіндегі құбырлардың қатып үлгергенін атап өтті. Ауылдарда тұрғындардың өтініштерін орындайтын бригадалар жұмыс істеп жатыр.

Фото: Baribar.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями