Популярные темы

Шымкент тұрғыны есірткі затын тауып алып, оны заңсыз тұтынбақшы болған

Дата: 17 января 2023 в 12:08


Шымкент тұрғыны есірткі затын тауып алып, оны заңсыз тұтынбақшы болған
Стоковые изображения от Depositphotos

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында есірткі сақтаған 33 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қаладағы көшелердің бірінде оралған қаптамадағы есірткі затын тауып алып, оны заңсыз иемденіп, өзі тұтынбақшы болғаны белгілі болды. Алайда оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлері тұрғыннан есірткіні тәркілеп алды.

«Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Сот үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар оған 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61260 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Фото: mir24.tv

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями