Стоковые изображения от Depositphotos
ШҚО-да халықаралық іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері ШҚО ПД ЭҚІҚБ бірлесіп Өскемен қаласының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт жасырынған қылмыскерді ұстаған.
«27 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. 2021 жылдың тамыз айында жәбірленушінің сеніміне кіріп, Латвия Республикасына виза алып, оны осы елге жіберемін деп алдап, 2 325 АҚШ долларын алған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша департаменті Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-бөлігі бойынша күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау арқылы іздестіру ісін бастады», – деп хабарлайды полиция департаменті.
Біраз уақыттан кейін айыпталушының жүрген жері Қазақстан Республикасының аумағында анықталды. Осы жылдың қаңтар айында іздестіруде жүрген адам ұсталып, Тәжікстан Республикасына жер аударылды.
По сообщению сайта Arna Press