Популярные темы

Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанды Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді

Дата: 16 января 2023 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанды Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді
Стоковые изображения от Depositphotos

2022 жылдың мамыр айында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтаған ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Arnapress.kz мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі

NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті. Зияткерлердің орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.

Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Тәуелсіз стюардтар 50 қатысушыдан жиналған белгілі бір топты бақылады. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен Кітаптың барлық критерийінің толық сақталуын қамтамасыз етті.

Guinness World Records ережелеріне сәйкес ауқымды сабақ басталар алдында барлық қатысушы екі тіркеу пунктінен өтті: біріншісі – жеке бейдждерін сканерледі және «Кандидат-маркер» бағдарламасы арқылы аймаққа кірді, екіншісі – кезекші қатысушылардың механикалық есебін жүргізді.

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями