Популярные темы

Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты

Дата: 13 января 2023 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматының бірнеше көшесін су басты, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, Мыңбаев көшесінде су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік бағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басқан. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр.

«Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті. Апаттың салдары бүгін реттелетін болады», −  деді басқарма өкілдері.

Ведомство өкілдері су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға шақырды. Бұл аумақтарды мүмкіндігінше айналып өту қажет. Жаяу жүргіншілер де тротуарлармен жүргенде сақ болғаны абзал.

Фото: discover24.ru

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями