Популярные темы

Семей қаласының әкімі 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды

Дата: 12 января 2023 в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласының әкімі 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаланың экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік, өнеркәсіп салаларына жалпы бюджеттен 84 млрд қаржы бөлінді. Оның ішінде электр энергиясы, автомобиль жолдары, жол көлік инфрақұрылымы жылу, сынды жақын арада шешуді талап ететін салалар да бар.


Кеңес барысында қала әкімі қаланың бас жоспарына сәйкес, жобалардың аумағын, орналасатын жерін, эскизін де таныстырды. Сонымен қатар, заңсыз жарнамалар мен Мемлекеттік тіл заңына сай келмейтін жарнамалармен күресіп жатқандығын да баяндады.

«2023 жылы жүзеге асыруды көздеп отырған жоспарларымыз өте көп. Кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары кезең кезеңімен жүзеге асырылады», − деді қала әкімі.

Кездесу барысында қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды. Сәйкесінше қала әкімі сұрақтарға жауап берді. 

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями