Популярные темы

Көктайғақ салдарынан 40-тан астам семейлік жарақат алған

Дата: 12 января 2023 в 14:48


Көктайғақ салдарынан 40-тан астам семейлік жарақат алған
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі көктайғаққа байланысты жарақаттану бойынша деректерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.

«10 қаңтарда Абай облысы бойынша көшеде тайғақ салдарынан құлап, жарақат алдық деп жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне 30 қоңырау түсті, ал облыстың травматологиялық пункттеріне 26 адам жеткізілді, олардың ішінде үш бала бар. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге жіберілді», − деп хабарлады жауапты басқарма.

Жалпы, бірнеше күннің ішінде көктайғақ салдарынан 40-тан аса семейлік түрлі жарақат алған.

Айта кетерлігі, өткен тәуілікте Жедел медициналық жәрдем ауруханасына тайып жығылған 20-ға жуық адам жүгінді.

Фото: apostrophe.ua

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Семей
Поделитесь новостью с друзьями