Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысының Абай ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасынның мониторингі бойынша жұмыс тұрақты бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақылау жүргізетін жұмыс тобының құрамында Абай ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш мониторингтік топ 227 рейд жүргізді. Кәсіпкерлік субъектілерімен тауардың алғашқы бағасына қосылатын үстемені 15%-дан асырмау туралы 67 меморандум жасалды. Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тиісті мөлшерден асырмау жөнінде ескерту жасалды.
«Мен Құндызды ауылының тұрғынымын. Аудан орталығы Қарауыл ауылына жұмыс барысымен келген кезде, өзімізге қажетті азық-түліктер сатып аламыз. Мониторингтік топ дүкендердегі бағалардың Семей қаласынан сатып алынған тауарлардың құнының ілеспе құжаттарында көрсетілген бағадан 15%-дан аспауын тексеріп жүр. Бағалары қолжетімді», – деді ауыл тұрғыны Мейрамгүл Тәжмұхамедқызы.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының тізімі көрсетіліп, аталмыш тауарларға сауда үстемесінің мөлшері арттырылған жағдайдағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік тәртібі түсіндірілген арнайы жадынамалар таратылды.
Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press