Популярные темы

Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Дата: 06 января 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскеменде есірткі сатушыдан марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады.
 

31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқаны белгілі болған. Көп ұзамай, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР ІІМ арнайы сарбаздары, ШҚО ПД КҚО және Полиция басқармасының ЖКБ бөлімшелерімен бірлесіп күдікті отырған ВАЗ автокөлігін тоқтатқан.

«Ұстау кезінде оның скотч-лентамен оралған сөмкесі табылған. Сонымен қатар автокөлікті тінту кезінде спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар үш орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамада 10 келіден астам кептірілген марихуана және шамамен 1,9 келі гашиш болған. Ұсталғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями