Популярные темы

Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды

Дата: 30 декабря 2022 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақмола тұрғыны OLX алаяғына алданып қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 желтоқсанда Ақкөл ауданының полиция бөліміне 57 жастағы жергілікті тұрғын ағымдағы жылдың 18 маусымында белгісіз адам 21 мың теңгені иемденгені туралы арызбен жүгінді.

«Арызданушының айтуынша, OLX хабарландыру сайтында ол спутниктік антенналарды орнатумен және баптаумен айналысатын шебердің хабарландыруын тапқан. Хабарландыру авторымен сөйлескеннен кейін әйел антеннаны орнатқаны үшін 21 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасап, «қызмет көретуші» хабарлаған нөмірге аударым жасаған», – деді полиция департаменті.

Алайда уәде етілген қызметті күте-күте жалыққан ол полициядан көмек сұрады. Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями