Популярные темы

Семей қаласының әкімі паралимпиада чемпиондарын марапаттады

Дата: 30 декабря 2022 в 11:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласының әкімі паралимпиада чемпиондарын марапаттады
Стоковые изображения от Depositphotos

Жаңа жыл қарсаңында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының абыройын асқақтатып жүрген паралимпиада чемпиондарын марапаттады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сіздер тек Семей қаласының абыройын асқақтатып қана емес, еліміздің де намысын қорғап жүрсіздер. Қаламыздағы паралимпиада жүлдегерлері Қазақстан қалалары бойынша ең алдыңғы қатарда тұр. Баршаңызға өз алғысымды білдіремін. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер»,– деді қала әкімі.

Айта кетейік, марапат алғандардың арасында Египет, Дубай, Түркия, Моңғолия сынды елдерге барып алтын алған чемпиондар да бар.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями