Популярные темы

Семей қаласында жаңа жыл қарсаңында пәтер кілттері табысталды

Дата: 29 декабря 2022 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласында жаңа жыл қарсаңында пәтер кілттері табысталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 64 отбасыға, көп балалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.

«Жаңа жыл қарсаңында тұрғын-үйді қажет ететін азаматтарға қуаныш сыйлаған сәтке куә болып отырмыз. Ағымдағы жылдың қазан айында 64 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Бүгін тағы 64 отбасы пәтер кілттерін алып, баспаналы болмақ  Пәтер иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл семейліктер үшін берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!» — деді қала әкімі.

Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Ол бойынша алдағы уақытта 35 мыңнан аса адам тұрып, 227 тұрғын үй салынады. Қазір аудан су құбыры, канализация, телекоммуникация, жылу және электр энергиясының магистральдық желілерімен қамтамасыз етілген. Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями