Популярные темы

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді

Дата: 28 декабря 2022 в 18:38


Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.

Фото: Polet.me

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями