Популярные темы

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Дата: 28 декабря 2022 в 17:28


Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді
Стоковые изображения от Depositphotos

Астана қаласының мәслихаты қаладағы жаңа, бесінші аудан атауын Нұра деп бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, 2022 жылдың 1 желтоқсанында ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда жаңа аудан құру мәселесі қаралған.

«Өздеріңіз білетіндей, бесінші аудан құру туралы мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бұл мәселе көтерілгеннен бері зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар жаңа ауданның атауын ұзақ талқылады. Біз елдің тарихы мен географиясына қатысты атауларды қарастырдық. Ономастикалық комиссияның күн тәртібіне екі атау ұсынылды. Нұраны таңдадық. Бұл Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында ағып жатқан өзен. Нұра — біздің географиямыздағы маңызды өзендердің бірі, маңызды географиялық атау. Бұрын Есіл мен Нұра біртұтас өзен болып саналатын. Осы символизмді ескере отырып, сол жағалауда Есіл мен Нұра аудандары болғаны дұрыс болар деп шешім қабылдадық», − деді Есіркеп.

Фото: Zona.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями