Популярные темы

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Дата: 23 декабря 2022 в 15:01


ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Стоковые изображения от Depositphotos
Бұл бекеттер қатты боранға түскен немесе қар тұтқынында қалған пайдаланушыларға және ауа-райының қолайсыз кездерінде жолшылардың  жылынып, демалуына арналған. Облыстың республикалық маңызы бар жолдарының едәуір қарқынды учаскелерінде орналасқан жолшылардың 13 жылыту бекеті бар. Бұл бекеттердің барлығы арнайы ұйықтайтын орындармен және санитарлық тораптармен жабдықталған. Қазіргі уақытта барлық 13 бекет жөнделіп жұмыс жасауда.



Өкінішке орай, жыл сайын дауылдың ескертуіне немесе көлік қозғалысының шектелуіне қарамастан жолға шығатын пайдаланушылар саны азаймай тұр. Көбіне жолда қар тұтқында дәл осындай пайдаланушылар қалып-қалып жатады.  



Осыған орай, құрметті пайдаланушылар, жолшылар Сіздерден жол қозғалысы ережелерін және жолдағы қозғалысты шектеу жөніндегі белгіленген нұсқамаларды қатаң сақтауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, жолда штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде сіз әрқашан 1403 қысқа нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шала аласыз.

По сообщению сайта Костанайские Новости

Поделитесь новостью с друзьями