Популярные темы

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Дата: 23 декабря 2022 в 10:11


ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Стоковые изображения от Depositphotos


Қостанай облысының жолшылары республикалық маңызы бар 1500,2 шақырым жолды күтіп ұстаумен айналысады. Бүгінгі таңда жолдағы көктайғақтың алдын алу, сондай-ақ облыстың республикалық трассаларында және жолдарды қысқы күтіп ұстау шеңберінде үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 1510 тонна техникалық тұз бен 3726 тн. құм дайындалған. Ал 80-нен астам мамандандырылған қысқы техника жолдарды қысқы күтіп ұстауға жұмылдырылған. Олармен жолдарды қардан тазарту, көктайғаққа қарсы материалды себу, пассивті қардан қорғауды ұйымдастыру және тағы сол сынды жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, жолшылармен жолдың барлық қар басуы жоғары учаскелерінде жолдағы барлық ауа райы өзгерулеріне дер кезінде шара қолдану мақсатында тәулік бойы патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылған.

Құрметті автомобиль жолдарын пайдаланушылар, жолда штаттан тыс жағдай туындаған кезде сіздер әрқашан 1403 қысқа нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай кол-орталығына қоңырау шала алатындарыңызды еске саламыз.

По сообщению сайта Костанайские Новости

Поделитесь новостью с друзьями