Популярные темы

«Абай» әуежайында өзіне-өзі қызмет көрсететін терминал іске қосылды

Дата: 14 декабря 2022 в 18:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

FlyArystan әуекомпаниясы iJan терминалдарын Семейде таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Абай» әуежайынның жолаушылары ең бірінші өңірлік саяхатшылар ретінде жаңа инновациялық тіркеуден толық өтуге мүмкіндік беретін терминалдарын қолдана алатын болды.

«Біз iJan терминалдарын Қазақстанның барлық әуежайларында орнатуды жалғастырамыз. Семей FlyArystan-ның жолаушыларына тіркеу мен басқа қызметтер кезексіз қолжетімді болған бірінші өңірлік әуежай. Біздің терминалдар жолаушылардың әуе айлақта уақытты одан әрі жайлы және үнемді пайдаға асатынына сенеміз», − деді FlyArystan-ның басқарушы директоры Эдриан Хамильтон-Маннс.

Естеріңізге сала кетсек, лоукостер өз жолуашыларына танысу мен бейімделуге уақыт керек екенін ескере отырып, оларға 2023 жылдың қаңтар айына дейін терминалды қолдануға ақысыз бонус кезеңін ұсынады. Ал 2023 жылдың қаңтарынан бастап тіркеу әуежай мен iJan терминалы арқылы ақылы болады. Сонымен қатар жолаушылар FlyArystan мобилдік қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында тіркеуді тегін алдын-ала өте алады. Тегін тіркеу әуежайда да қолжетімді болады.

Сондай-ақ жолаушы онлайн тіркеуден тегін өтіп, Семей қаласының әуежайында орналасқан iJan терминалында отырғызу талонның басып шығара алады. Қазіргі кезеңде iJan терминалдарында өзге көмексіз тіркеуді тек ішкі рейстерге ұсынады. Ал жақын арада халықаралық рейстер де қосылады.

Фото: FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями