Популярные темы

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған өскемендік алаяққа алданды

Дата: 14 декабря 2022 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған өскемендік алаяққа алданды
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскемен тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«24 жастағы Өскемен тұрғыны қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына өтініш білдірген. Оның айтуынша, бейтаныс адам емтихан тапсырусыз автокөлікті басқаруға құжатты тез алуға көмек ұсынған. Ықтимал көмекшінің жұмысы үшін жәбірленуші оған 700 мың теңге төлеген. Осыдан кейін алаяқ байланысқа шығуды тоқтатқан. Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол кінәсін мойындады», − деп хабарлайды полиция департаменті.

Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: stopfake.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями