Популярные темы

Семейліктер Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік тілде диктант жазды

Дата: 14 декабря 2022 в 10:58


Семейліктер Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік тілде диктант жазды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған Орталық тыңдаушылары арасында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты диктант жазу шарасы өтті деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың мемлекеттік тілде А2 деңгейінде оқып жатқан қала тұрғындары арасында мемлекеттік тілде диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.

«Өткізілген шараның басты мақсаты тыңдаушылардың мемлекеттік тілдегі сауаттарын байқауға және білімдерін одан әрі жетілдіруге негізделген. Диктант жазу арқылы қатысушылардың мемлекеттік тілге қызығушылығын арттырып, қазақ тілінің деңгейін көтеру көзделді», − деп хабарлайды Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями