Популярные темы

100 мың қазақстандық Coursera платформасында білім алуға мүмкіндік алады

Дата: 13 декабря 2022 в 14:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


100 мың қазақстандық Coursera платформасында білім алуға мүмкіндік алады
Стоковые изображения от Depositphotos

​Алдағы үш жылда 100 мың қазақстандық студент пен қолданушы Coursera платформасында білім алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Coursera халықаралық секторының директоры Мэтью Кляйнның кездесуінде осы мәселе талқыланды. Басқосуға білім платформасының аймақтық серіктесінің өкілі Рауан Кенжеханұлы қатысты.

​Іс-шарада тараптар бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Coursera компаниясы арасында қол қойылған үшжақты меморандумның жүзеге асырылуын талқылады. ​

«Аймақтағы 25 жоғары оқу орнының студенттері Coursera платформасында оқи алады. Олар платформадағы курстарды таңдап, қазақ немесе орыс тілінде өте алады. Сәтті өткен курстар жоғары оқу орындарында кредит болып есептеледі. Қазірдің өзінде 50 курсты бейімдеу және аудару жұмыстары жүргізілуде», – деді Саясат Нұрбек.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями