Популярные темы

ШҚО тұрғыны 400 келі балықты заңсыз аулаған

Дата: 13 декабря 2022 в 11:58


ШҚО тұрғыны 400 келі балықты заңсыз аулаған
Стоковые изображения от Depositphotos

ШҚО тұрғыны 400 келі заңсыз ауланған балықты тасымалдағандеп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Өскемен Шемонаиха тас жолының 60-шақырымында Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Ер адам көлікте тиісті құжаттарсыз шамамен 400 келі табан балықты тасымалдаған. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алу кезінде Убинка ауылының Шүлбі су қоймасының жағасында балық аулағанын айтып, кінәсін мойындаған», деп хабарлайды полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Фото:Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями