Популярные темы

Тоқаев: «Бізде жиналып қалған мәселелерді жасырып қалу әдеті бар»

Дата: 12 декабря 2022 в 13:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев:
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Жиын барысында премьер-министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері есеп берді.

Президент өз сөзінде, 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр, — деді.

«Сайлаудан кейін, азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады, − деп айтты мемлекет басшысы.

Осы орайда, вице-министр және әкім орынбасары лауазымдарына нағыз кәсіби мамандар тағайындалуға тиіс. Мұндай қызметке жұртпен тілдесе алатын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар келуі керек. Яғни, шешім қабылдай алатын және жауапкершіліктен қорықпайтын азаматтар қажет. Президенттің айтуынша, олардың әділ, еңбекқор және отаншыл болуы аса маңызды.

«Маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек. Бізде жиналып қалған мәселелерді жасырып қалу әдеті бар және сол әдет өте үлкен шығынға әкелді», — деді президент.

Сонымен қатар, Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі екенін айта отырып, премьер-министр Әлихан Смайыловтан шынайы жауап алғысы келетінін де сөз етті.

Фото: newtimes.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями