Популярные темы

Семейде Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық байқау өтті

Дата: 09 декабря 2022 в 18:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық байқау өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған бірінші республикалық композиторлар байқауы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл, Абай облысының Аягөз ауданының тумасы, КСРО Халық әртісі, композитор, Еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай, Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен республикалық композиторлар байқауы өтті. Байқауға Астана, Алматы қалаларынан және Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Абай облыстарынан 14 композитор өз шығармаларын ұсынды.

Байқаудың бас жүлде иегері − Қасымбеков Ербосын, Жамбыл облысы, «Шығыс ұраны» шығармасы, жүлде қоры 500 000 теңге;

І орын иегері − Төлебай Жарасхан, Алматы қаласы, «Нағыз қазақ» шығармасы, жүлде қоры 300 000 теңге;

ІІ орын иегері − Гүлдана Ноғайбаева, Абай облысы, Семей қаласы, «Семейім-жұмақ мекенім» шығармасы, жүлде қоры 200 000 теңге;

ІІІ орын иегері − Слямқұл Береке, Абай облысы, Семей қаласы, «Абайға арнау» шығармасы, жүлде қоры 100 000 теңге;

Еркеғали Рахмадиев атындағы қордың арнайы жүлдесінің иегері − Әділет Сериков, Абай облысы, Семей қаласы,«Дала үні» композициясы;

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының арнайы жүлдесінің иегері − Сагиев Жанболат, Ақтөбе облысы, «Тәуелсіз елім» шығармасы.

«Байқау қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және Ақтоты Райымқұлова құттықтады. Айта кетейік, Абай облысы — дарынды тұлғалардың туған жері. Соларға қолдау көрсету мақсатында осындай байқаулар әлі де өткізілетін болады», − деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями