Стоковые изображения от Depositphotos
Астанада «Қазақстан Республикасының үздік 100 студентін» марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Абай облысынан 3 жеңімпаз студент аттанды. Алаштың білім ордасы — М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен Баймулаев Шоқан, Электротех колледжінің студенті Жукушева Ая, Көлік колледжінен Фархадов Ихсан жеңімпаз атанып, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі үздік 100 студенттің қатарында марапатталды. Еліміздің беделді бизнесмендерімен өткен мастер-класстан бастау алған шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірі Асхат Аймағамбетовпен кездесумен қорытындыланды», − деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press