Популярные темы

Семейлік оқушы XIV Еуразиялық олимпиадада бірінші орын алды

Дата: 07 декабря 2022 в 11:08 Категория: Новости спорта


Семейлік оқушы XIV Еуразиялық олимпиадада бірінші орын алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 12 сынып оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдин информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадасында І орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының ФМБ НЗМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласында ұйымдастырылған олимпиадаға еліміздің 36 командасынан бөлек көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің командалары қатысқан. Дәстүрлі олимпиада жылдағыдай 2 тур бойынша өткізілді. Іріктеу турдан іркілмей өткен Мұхаммадариф қорытынды кезеңде де өзінің мықты екендігін дәлелдеп шықты.

«Нәтижесінде жеңіс шыңынан көрініп, ұйымдастырушылар тарапынан  диплом әрі алтын медальмен марапатталды. Бұдан бөлек, Мұхаммадарифке Қазақ-Британ техникалық университетінің гранты табысталды.Мұхаммадариф Сахмолдин — информатика пәнінен бұған дейін республикалық және халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын, халықаралық International Olympiad in Informatics білім бәйгесінің күміс және қола медальдарының иегері», − деп хабарлайды Семей қаласының ФМБ НЗМ-нің баспасөз қызметі.

Фото: Семей қаласының ФМБ НЗМ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями