Популярные темы

Абай облысының аумағында «Автобус» ЖПІШ басталды

Дата: 05 декабря 2022 в 16:18 Категория: Новости авто


Абай облысының аумағында
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсаны аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

«Аталған іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, заңсыз автотасымалдаушыларды анықтап, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізу мақсатында қалалық және қала сыртындағы автожолдарда рейдтер жүргізеді», − деп хабарлайды полиция департаменті.

«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге байланысты қала сыртындағы автожолдарда, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде патрульдік полиция нарядтарының саны артты.

Абай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдарда қырағылық танытып, ұқыпты болуға шақырады.

Фото: Instagram/@abai_department_police

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости авто
Поделитесь новостью с друзьями