Популярные темы

Абай обылысында өткен әскери-патриоттық форумға үш жүзге жуық оқушы қатысты

Дата: 29 ноября 2022 в 17:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай обылысында өткен әскери-патриоттық форумға үш жүзге жуық оқушы қатысты
Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының құрылғанына төрт жыл толды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай Семей гарнизондық офицерлер үйінде «Отан. Әскер. Жас сарбаз» әскери-патриоттық форумы өтті. Шараға мұрындық болған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Абай облыстық білім басқармасы. Мерейлі кешке облыс аумағынан жалпы саны үш жүзге жуық оқушы қатысты.

Форумда облыстық «Алау» әскери-спорттық ойынының жеңімпаздары мараппатталды. Тәрбиелік кешке қатысушылар үшін офицерлер үйіндегі музей есігі айқара ашылып, ашық алаңда сан түрлі қару-жарақ пен әскери құрылғылар көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери көркемөнерпаздардың «Отаныма қызмет етемін» мерекелік концерттік бағдарламасымен мәресіне жетті. 

«Шара мақсаты – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, сондай-ақ патриоттық тәрбие жұмысын жандандыру. Әскери-патриоттық қозғалысы беретін  тағылым – жастардың отансүйгіштік рухын асқақтатып, өз елінің нағыз қорғаушысы болуды көздейді», – дейді  Абай облыстық білім басқармасының  өлкетану және  әскери-патриоттық бағытындағы меңгерушісі  Болат Құрманов.

Фото: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями