Популярные темы

Абай облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді

Дата: 24 ноября 2022 в 13:18


Абай облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының тұрғынынан бір келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«9 қарашада «Рефлекс» ЖПІШ өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Көкпекті ауданының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адамға тиесілі үйі мен ауласын шұғыл тінту барысында ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті ылғалды өсімдік массасының 25 шиыршығы табылып, тәркіленді», − деп хабарлайды полиция департаменті.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат 1,4 келі марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: Sn.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями