Популярные темы

Қазақстан экспортының рекордтық көрсеткіші тіркелді

Дата: 22 ноября 2022 в 15:28 Категория: Новости экономики


Қазақстан экспортының рекордтық көрсеткіші тіркелді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда экспорттың рекорд көлемі тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 98,4 миллиард доллар болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (72,9 миллиард) 35 пайызға артық.

Экспорттың номинал көлемі 63,8 миллиард доллар болған, бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда (43,3 миллиард доллар) 47,5 пайызға артық.

Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) есептеулері бойынша, Қазақстан экспортының нақты өсімі шамамен 2,8-3 пайыз. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6 пайызға, экспорттық түсім 63,4 пайызға өскен.

Елдер бойынша экспорт өсімі:

Италияға – 84 пайызға, 11,2 миллиард долларға дейін;

Қытайға – 43 пайызға, 10,3 миллиард долларға дейін;

Ресейге – 15 пайызға, 5,9 миллиард долларға дейін;

Нидерландыға – 24 пайызға, 4,1 миллиард долларға дейін;

Кореяға – 2,9 есеге, 3,6 миллиард долларға дейін;

Түркияға – 71 пайызға, 3,6 миллиард долларға дейін;

Өзбекстанға – 36 пайызға, 2,6 миллиард долларға дейін.

2022 жылдың 9 айында Қазақстан экспортының құны 63,8 миллиард доллар болды, бұл кейінгі 7 жылдағы жылдық жеткізілім көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет 2014 жылы 79,5 миллиард доллар көп болған.

Фото: 7kun.kz 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями