Популярные темы

«Ежелеп оқиды». Қарағанды облысында жас маман білім сапасын сынап, даулы мәлімдеме жасады 10 ноября 2022, 16:41

Дата: 10 ноября 2022 в 16:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Желіде Әлихан Ибрагимов атты мұғалімнің мектептегі білім деңгейінің төмен екенін айтып, үн қатқан видеосы тарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ZTB.KZ мәліметінше, Әлихан дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы Абай ауданы, Ақбастау ауылына мұғалім болып жұмысқа орналасқан. Ол мектептегі білім деңгейі төмен екенін айтып үндеу жолдаған.

«11-сыныпта көбейту кестесін білмейтін бала отырғанда білім сапасы жайлы не айтуға болады. Ал жоғары сыныпта ежелеп кітапты оқып отырғандарды қайда жібереміз? Математика, жаратылыстану сияқты пәндер төменгі және жоғарғы сыныптарда бірігіп өтіледі. Елестетіп көріңізші бір 45 минутта мен физика пәнін 8 және 10 сыныпқа өткіземін. 6-8-10 сыныптарға бір уақытта өтетін пәндер де бар. Әр сыныпқа 45 минут емес 15 минут ғана уақыт бөлінеді.

Конституцияда жазылғандай оқушылардың орта білімі мемлекет бекіткен стандарт бойынша, балалардың санына қарамастан бәріне бірдей берілуі керек. Мен Жаңа Қазақстанды құрғым келеді. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан мемлекет мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек», — деді жас маман Ибрахимов Әлихан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также